Азық түліктің қымбаттауына жол берілмейді

0
8

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай кезеңінде азық-түліктің негізсіз қымбаттауына жол берілмейді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді», – деді Тоқаев телеарна арқылы жасаған үндеуінде.

Президент үкімет экономикалық жағдайды басты назарда ұстайынын атап өтті.

Төтенше жағдай: Қазақстанға кіріп-шығу қалай шектелетіні белгілі болды

«Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемесін орындайды. Елбасының сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты. Қаражат бар», – деді ол.

Қазақстандағы коронавирус

Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді.
Ол 15 сәуірге дейін созылады. Мемлекеттік комиссия құрылып, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен жұмыс істейді. Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтарды сабырлық сақтауға шақырды 

Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда тоғыз адам коронавирус жұқтырды. Елде ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ, отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынды.



sputniknews.kz