Өлең: Қалижан Бекқожин (Дауылпаз) » ZHARAR
Дауылды күні ұшты да
Теңізде қақты қанатын.
Дабысы кетті әлемге
Тасқындай тулап ағатын.
Түйілді сонда жауына,
Дауылды теңіз көгінен,
Ашуы шықты лапылдап,
Жалынды жүрек кегінен.
Дауысы кетті саңқылдап,
Азаттық әлем шыңына!
Қадалды үні оқ болып,
Адамның қатаң сұмына.
Кеткенде көктен дауылпаз,
Біздерге сол үн қалды.
Әлі де тұр сол дауыс
Тебірентіп шыңдарды
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com