Қытай тарапы көрші елдерге қатысты ұстанымын жариялады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Еуразия елдері парламенті спикерлерінің отырысында Қытай тарапы әріптестікті нығайту бойынша бірқатар нақты ұсыныс жасады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. ҚХР халықтық өкілдерінің Жалпықытайлық жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу өз елінің басқа мемлекеттерге қатысты ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қытайдың дамуы – ол бейбітшілікке апаратын жол. Біз бейбітшілікті бағалаймыз және барынша қорғаймыз. Барлық елдермен тең дәрежелі және достық қарым-қатынас орнатуға мүдделіміз. Біз қысым жасауға және қудалауға қарсымыз. Шағын болсын, үлкен мемлекет болсын, бай ма, кедей ме, әрбір елдің тәуелсіздігін құрметтейміз», — деді Чжаньшу Нұр-Сұлтандағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінде.

Оның айтуынша, Қытай өз пайдасы үшін басқалардың, соның ішінде көрші мемлекеттердің мүддесіне қайшы әрекет жасамайды.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Қытайдың бастамасы туралы не ойлайтынын айтты

«Қытай қарым-қатынасты күшейтіп, өзара сенім мен құрметті нығайту керек деп санайды. Халықтарды жақындастыру үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтіп, мәдени-гуманитарлық байланысты күшейтуді қалайды», — деп атап көрсетті Чжаньшу.



sputniknews.kz