Жұлдыз жорамал: Тоқты жұлдызнама белгісінің сипаттамасы

0

тоқты жорамал туралыТоқты – 21 наурызбен 20 сәуір аралығында туылған адамдар.

Тоқты. Мінез ерекшеліктері

Тоқты өмірлік ұстанымы – Мен бармын! Бұл белгіде туылғандар өзімшіл емес. Өзінің тілектерін бірінші орынға қойып, жақындарына ешқашан зақым келтірмейді. Əділеттіліктің жақтаушысы, кейде ашуға да жол береді. Бірнəрсені қаласа, қалайда қол жеткізеді. Ең табанды зодиак белгісі. Үнемі оң əсер бере бермейтін батылдық пен қатты мінезге ие. Өзі ашық, сондықтан да қалғандарынан да соны күтеді. Сенгіш. Өзін ренжіткен адамды кешіреді, бірақ ренішін ешқашан ұмытпайды.

Артықшылығы да, кемшілігі де – турашылдығында. Ойында не бар, тілінде де сол. Иə, кейбіреуін бұл өкпелету мүмкін. Бірақ, Тоқты дөрекілер тізімінде. Бүгінгі күнмен өмір сүреді. Өткен ұмытылды, ал болашақ əлі келген жоқ, сондықтан бұның бəрі оны мазаламайды.
Бұл белгіде туылғандар оптимист, сонымен қоса реалист. Өмірді тек ақ пен қараға бөліп қарастырады. Адамдарды жақсы түсінеді жəне достарына адал.

Тоқты. Мансап

Жұмыс Тоқтыға ақшадан гөрі атақ сыйлауы керек. Болашақта кім болатындарын кішкентайдан ойластырады. Жоғарғы сыныптарда бұл мәселе шешіліп қойылады. Тоқтыларды ешқашан таңнан кешке дейін атқаратын қалыпты жұмыс қызықтырмайды. Өздерін барынша көрсетіп, лидерлер қатарына шыға алатын жұмыстарға қызығады. Тоқты үшін жұмыс – кез келген сəтте қабылдауға даяр сынақ.
Тоқты өзін басшылықта, саясатта немесе кәсіпкерлікте көрсетеді. Кей кезде өзінің ер мінезділігін көрстеуді талап ететін шығармашылық жұмыстарда да бақ сынап жатады, мысалы: Фотограф, видеооператор, IT маман, фрилансер, т.б. Тоқты өз білігіне ешқашан қанағаттанбайды. Өмір бойы шыңдауға болатын мамандық Тоқтыға барынша лайық. Тоқты үшін мансапта бастысы – құрмет пен беделге ие болу, бірінші атану.

Тоқты. Денсаулық

Тоқты өз денсаулығы үшін алаңдамайды. Қатерлі ауруға өте сирек шалдықса да, жарақаттарды жиі алып тұрады. Тістері сезімтал, тіс дəрігерлеріне жиі қаралады. Емнен бастартады. Ең соңғы жағдайда ғана дəрі ішіп, дəрігер қабылдауына жазылады. Қызуы көтеріліп, жөтелгені үшін Тоқтыны төсекке жатқызу мүмкін емес. Олар ағазалары сырқатты өздігінен жеңеді деушілер қатарына жатады. Тоқтының баласын болашақта қауіпті жағдайларға түспеуі үшін шыдамдылық пен сақтыққа уйрету қажет.

 

Тоқты. Қатынас. Əйел жəне еркекпен, басқа зодиак белгілерімен үйлесімділігі

Тоқты еркек. Тоқты белгісінде туылған еркектер- сезімтал жандар, бірақ оны барынша жасыра алады. Ол қылжыңдай алмайды, тек ғашық болуға аз қалғанын сезінгенде ғана əрекетке көшеді. Тоқты ешқашан опасыздық жасамайды, адал болады. Араларыңызда болатын жайттың бəрін ашық айтады. Бірнеше əйелмен бірдей кездеспейді. Тоқтының көңілін аудару үшін қайталанбас тұлға болу керек жəне үнемі өзін күту қажет. Тоқты əйелдердің арасындағы ең бірегейін іздейді.

Тоқты әйел. Тоқты белгісінде туылған əйелдер – бəрі өзіне тамсанғанын қалайтын патшайым. Бұл əйелдерден ыстық махаббат күтпей ақ қойыңыз. Ол үшін бұдан да маңызды мәселелер бар. Тоқты белгісіндегі əйелдер – нағыз феминисттер. Ешқашан көмек сұрамайды. Қайдағы бір наныммен бас ауыртпайды. Ол бірінші болып танысып, бірінші сөз салуы да ықтимал. Оның көңілін аудару үшін құпия адам болуыңыз керек. Сіздің жүрегіңізді жаулап алудың қажеттілігін көрген əйел үшін сіз бірінші орында боласыз.

Тоқты Таразы, Мерген, Арыстан сияқты жұлдызнама белгілерімен үйлеседі де,  Шаян, Сарышаян жəне Балықпен көңіл жарастыра алмайды.

Тоқты – отты белгі. Кез келген адамды өзіне қарата алады. Бірақ, кез келген адамның қайталанбас тұлға екендігін ұмытпаңыз. Зодиак белгісі тек қана мінезін жалпылама сипаттайды. Сондықтантан, таныс Тоқтыларыңыздың бойынан кейбір қасиеттерді аңғаруыңыз мүмкін.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық