Жұлдыз жорамал: Торпақ жұлдызнама белгісінің сипаттамасы

0

торпақ жұлдыз жорамал жұлдызнама мінезТорпақ – 20 сәуір мен 20 мамыр уақыты арасында туылған адамдар.

Тоқты – жаңашылдыққа ұмтылыстың белгісі. Адамның басты тілегі – өзін қорғаныспен  жəне тамақпен қамтамасыз ету, торпақтың бойынан бұны көруге болады. Торпақ жердің бірінші белгісі, сондықтан да жермен тығыз байланысты. Күшін де жерден алады. Меркурий, Ай жəне Сатурн ғаламшарларының ықпалында. Бұл ықпал епті, арманшыл жəне меланхолистік тұлғаны жасап шығарды.
Алыс болашаққа жоспар құрып, оны ұстану – Торпақтың сүйікті ісі. Ол үнемі материалдық жəне эмоционалдық тұрақтылыққа ұмтылады.

Торпақ. Мінез ерекшеліктері

Өмірлік ұстанымы- Мен иемденемін! Кез келген істен пайда көруге ұмтылады.  Өте салмақты, көп нәрсеге ауыз ашпайды, үлкен орталардан қашып, жалғыздықты ұнатады.  Темпераменті бойынша – меланхолик. Тоқтыны жындандырып, қалған зодиак белгілерін ашуландыратын істер Тоқтыға өтпейді. Сирек ашуланады, өзіне ешкімнің жөнсіз тиіскенін қаламайды. Тиісе берсеңіз, тым қатты ашулануы мүмкін. Ал, ашуланса, кезіккеннің бəрін қиратуы мүмкін.

Тоқтыға тартқан бірбеткейлігі бар. Егер, бір затқа баса берсеңіз, Торпақ та өз дегеніне жармасып, мінезін көрсетеді. Үйіне, отбасына берік. Үйде өздерін ыңғайлы сезінеді. Ыңғайсыздықты жек көреді. Жарқын киім кимецйді, бірақ киім сапасына басты назар аударады.

Торпақ – ең шыдамды жұлдызнама белгісі. Сөзталастарды, əсіресе, ұрыстарды ұнатпайды, сондықтан мәселені барынша сабырлы шешеді. Құпиялық- Торпақтың тағы бір басты қасиеті. Тіпті ең жақын достарымен де ашыла бергеннен гөрі, тыңдаушының рөлін атқарғанды ұнатады.

Торпақ. Мансап

Мамандық таңдауда көп ойланады. Болашақта айналысатын ісін мектеп кезінен бастап ойластыра бастайды. Өзіне сенуге тырысып, қыруар ақша тауып, оны қайда жарататынын қиялдайды. Торпақ байлық жəне сәттілік ұғымдарымен тығыз байланысты. Бойында тартылыс күші бар. Соның арқасында кез келген іспен айналысып табыс таба алады.

Торпақты қарапайым күнделікті жұмыстар қорқытпайды, керісінше, соның арқасында ол тұрақтылықты сезінеді. Тоқтылар сияқты жұмысын біреудің бағалағанын тілейді. Сондықтан, Торпақтар жұмысының нәтижесі байқалатын мамандыққа бет бұрады:  жер шаруашылығы, бағбандық, қонақүй кәсібі.

Жайлылықты сүюі де мамандағында көрінуі ықтимал:  олардан жақсы сəнгерлер, архитекторлар мен құрылысшылар шығады. Саясат пен қоғамдық жұмысты ұнатпайды. Жұмысындағы басты қағида – асықпау, мұқият болу, істі аяғына жеткізу. Олар қатал бастық бола алмайды. Өздері ұзақ жəне мұқият таңдаған қызметкерлеріне сенім артып, тасада қалады.

Торпақ. Денсаулық

Жаратылысынан мықты денсаулық иесі. Бірақ, ауырған Торпақ дəріге де, дəрігер де сенбейтін нағыз бас ауруына айналады. Дәрігерлер кеңесіне құлақ аспағандықтан, ұзақ ауырады. Қарапайым суық тию бұл жағдайда ангинамен аяқталады. Басты қиындығы – асқорыту жүйесінің бұзылуы, бұл жағдайда толықтық жиі кездеседі. Таза ауада жиі болып тұру жəне спортпен айналысу арқылы артық салмақтан арылуға болады.

Торпақ. Қатынас. Əйел жəне еркекпен, басқа зодиак белгілерімен үйлесімділігі

Торпақ еркек. Торпақ зодиак белгісінің астында туылған ерлер- өте сезімтал адамдар. Олар өте мұқият, ғашығының туған күнін, қандай да бір айтулы күндерді есте сақтап, көпшілік алдында сезімін көрсетуден жалтармайды . Күйіп қалудан қорқып, қарым-қатынасқа асқан сақтықпен келеді. Əдемінің бəріне құмар Торпақ ең бірінші əйелдің дене бітіміне көңіл аударады. Əйелдің үнемі əдемі киініп, құлпырып жүруі ол үшін маңызды. Оны қарату үшін жай  ғана нәзік, сезімтал, əдемі əйел болу жеткілікті. Торпақ ешқашан ер мінезді немесе феминист əйелдерге көңіл аудармайды.

Торпақ әйел. Торпақ белгісіндегі əйелдер ұстамды жəне сабырлы келеді. Бостан бос қызғанбайды, жоқ жерде ұрыс шығармайды. Бірақ, сенімді тірекке, арқа сүйер ер азаматқа мұқтаж. Шешімді өзі қабылдап, араларыңда басшы болуына  да болады, бірақ бұл əйелдер өз жанында мықты азаматты көргілері келеді. Шынайлықты бағалайды. Оның жарына айналу үшін əуелі оған жақсы дос бола біліңіз.

Торпақ үшін ең үйлесімді белгідегі адамдар – Сарышаяндар. Ал, Бикеш, Тауешкі, Суқұйғыш жəне Арыстандармен қиындық тууы мүмкін. Шаян жəне Балықтармен тіпті бақ сынаудың қажеттілігі шамалы.

Торпақ – Жер белгісі. Арман мен қиялдан гөрі қарапайымдылықты артық көреді.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық