Жұлдыз жорамал: Таразы жұлдызнама белгісінің сипаттамасы

0

таразы жұлдызнама жұлдыз жорамал мінезТаразы белгісі – 23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында туылған адамдар .

Таразы жұлдызнама белгісінің өмірлік ұстанымы – Мен теңестіремін! Бұл белгіде туылған адамдар ұрысқан екі жақты татуластырып, түрлі сұрақтарда ой жарыстырып, өзін маңызды аламдармен қоршайтын бейбіт, биязы жəне ұстамды болады. Ауа белгісі болғандықтан, өзінің істерінде, ойларында еркіндікті қалайды.

Таразылардың жауы – қараңғылық (бар мағынасында). Бұл адамдар күн түспейтін жермен жүргенді ұнатпайды жəне санасы таяз адамдармен сөйлеспейді. Таразылар бойындағы қонақжайлық, ашықтық, жағымпаздық, мейірімге бөлеу сияқты қасиеттерін қолдана отырып, кез келген адамның тілін таба алады. Олар адамның бетін өте сирек қайтарады, бөгде адамды да тыңдап, кеңесін айтып, қол созуға дайын.

Таразылар танымалдылық пен ілтипатқа ұмтылады. Біреу таразыға махаббатта бас тартса, Таразы оны қорлау деп қабылдайды. Өте іскер белгі болғанымен, жауапкершілік алғанды ұнатпайды. Сондықтан, Таразылар өз идеясын ойлап тапқаннан гөрі біреудің ойын жетілдіруге кіріседі. Олар əр нәрсенің шегін біледі, сол себепті қолайлы уақытты күтумен күн өткізеді.

Таразы. Мансап

Таразылар өзінің өмірдегі орнын табуда қатты қиналады. Шешімді қабылдаудан қорқып, үнемі таңдау жасау үстінде жүреді. Əдетте, ата-анасы немесе жақын достары кеңес берген мамандықты таңдайды. Таразыларды шешім қабылдауда ешқашан асықтыруға болмайды. Жұмыста бір орында отыра алмайды, тез шаршайды. Өздерін жеке тұлға есебінде көрсетпейді.

Таразылар – жақсы серіктестер, олар ұжымдық жұмысты ұнатады. Жақсы ассистент бола алады, себебі қол ұшын үнемі созып, бəрін оңтайлап жүреді. Таразылар өздерін жақсы басшы есебінде көрсете алмайды. Бұйрық бергенді ұнатпайды, жауапкершілік алмайды жəне тығырықтан шыға алмайды. Есесіне, Таразылар оңтайлы уақытты күтіп, ыңғайлы мезгілді таңдай алады. Бұл адамдар қаржы консультациясы мен бақылау жұмыстарында өздерін жақсы көрсете алады.

Таразы үшін ең оңтайлы шешім – сəн, шоу-бизнес жəне қызмет көрсету мамандықтарын байқап көру. Олар керемет модельер, декоратор, шаштараз, визажист, агент жəне сатушы болады. Таразылар ақшаға тәуелді емес, қарызға ақша сұраудан ұялады жəне өздері де қарызға өте сирек береді, себебі қайтарымын сұрауға ұялады.

Таразы. Денсаулық.

Таразылардың денсаулығын дене түсінен білуге болады. Басқа зодиак белгілерінен гөрі маскүнемдікке бейім. Дәл осы себепті Таразылардың əлсіз дене мүшесі – бүйректері. Сонымен қатар, қалыпты жүйке жүйесімен де мақтана алмайды. Цитрустарда молынан кездесетін қышқылдарды, тұздарды шамасыз жеуге тиым салынады. Аяқ-қолын жылуда ұстау керек, кейде қан тамырларына байланысты қиындықтар туып тұрады.

Денсаулықты бірқалыпты сақтау үшін өзін гармониямен қоршап, спортпен айналысып, арақ-шараптан басын алшақ ұстау қажет.

Таразы. Қатынас. Əйел жəне еркекпен, басқа зодиак белгілерімен үйлесімділігі

Таразы Еркек. Қарым-қатынастағы Ер-Таразы – рационалисттер. Əуелі сізді бар қалпыңызда қабылдағанын көрсетіп, кейін өзіңізді шыңдау үшін көп ақыл кеңес беріп, бойыеыздағы кейбір тұстарды өзгерту керек деп сендіреді. Кейде бұл əрекетімен сізді өзіңзден шығарып, ашуыңызға тие бастайды. Ер-Таразы – керемет нақсүйер. Үнемі əйелдердің көңіліне бөлінген. Бірақ, бұл жігітке сезімін жаулауға тура келетін қол жетпес əйел керек. Ғашығыңыз Бикеш болса, абайлаңыз, сізді қолға түсіргенін сезінсе, сізге деген қызығушылығы сууы мүмкін. Сондықтан, тіпті отбасылық өмірде сіздің көңіліңізге мұқтаж болатындай əрекет жасаңыз.

Таразы Əйел. Əйел-Таразының бойында ер мен əйелдің екеуіне де тəн қасиеттер бар. Ол нәзік, сүйкімді жəне қамқор бола тұра, істерге ақыл мен суық есеппен қарайды. Қатынаста Таразы əйелдер серіктестікті бірінші орынға қояды. Үнемі жарының қызығушылығына көңіл бөліп, өміріне белсенді түрде араласады, көмектеседі, ақыл береді. Бұл белгіде туылған əйелдердің көңілін өзіңізге аулару үшін тиімді серіктестікке ұқсайтын қарым-қатынас ұсыныңыз.

Таразылар Егіздер, Арыстан, Тоқты, Суқұйғыш жəне Мергендермен жақсы үйлеседі де, Шаян, Торпақ жəне Тауешкімен сирек тіл табысады.

Таразы – Ауа белгісі. Оған жеке кеңістік керек. Айналасында достық жəне реттілікті орнықтырады. Ұстамдылық, Дұрыстық жəне Əділеттіліне ұмтылысымен ерекшеленеді.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық