Жұлдыз жорамал: Сарышаян жұлдызнама белгісінің сипаттамасы

0

Сарышаян Жұлдызнама Жұлдыз жорамал мінезіСарышаян зодиак белгісі – 24 қазан мен 22 қараша айында туылған адамдар

Сарышаян жұлдызнама белгісінің өмірлік ұстанымы – Мен қалаймын! Бұл зодиак белгісі ең өзімшіл жəне беделді. Көп жағдайда Сарышаяндардың абыройы жаман, əсіресе, жас кезінде. Олардан өзгелерге мейірбандық күтуге болмайды. Өзгелдердің ойын, əсіресе, өзі өзі жайлы пікірлерін елемейтін индивидуалисттер.

Шешімді тез қабылдайды және кейін одан бас тартпайды. Кез-келген текетірске дайын, өзіне атылғанын күтпей, өзі бірінші шабуылдайды. Табандылық, өзіне сенімділігі жəне таңдаған жолына сəйкестігі Сарышаяндарды үлкен жетістіктерге əкеледі. Сарышаяндар амал-шарғыны жақсы қолданады жəне адамдарға ықпал ете алады. Өте зерек, адамның шын бетпердесін бірден көреді. Ал қалғандары үшін Сарышаян – жұмбақ, өзі қалаған жағдайда ғана ашылады.

Бойындағы агрессиясы мен эротизмі оларды қайталанбас көңілдес қылады. Басқа да көптеген су белгілеріне берілген да экстросенстік жəне эзотериялық күш Сарышаянға да тəн. Алайда, тек қана бұл белгі бойындағы зеректігінің арқасында сəуегейлік қасиетін дамыта алады.

Сарышаян. Мансап

Сарышаяндар адамдармен қарым-қатынас жасауға құрылған мамандықтарда өздерін жақсы ашады. Олар: психолог, консультант, сауда өкілдері, агент жəне сатушы. Суыққандылығы мен эмоцияға берілмейтіндіктерінің арқасында хирург, əскери адам, теңізші, штурман мамандықтарын таңдай алады.

Бұл белгіде туылғандар балаларды жақсы көреді жəне оларға байланысты жұмысқа тез кірісіп кетеді. Ең үздік бала күтуші, тәрбиеші жəне жаттықтырушылар осы Сарышаяндардан шығады. Бірақ, Сарышаяндар үлкен жастағы балалармен тіл табыса алмайды. Табандылық пен бірқалыпты жұмысқа көнігу Сарышаяндарды химиялық және физикалық зертханаларға, цех пен шахталарға жиі əкеледі. Олар басшының да орындаушының да есебінде жұмыс істей береді.

Өткір ақылға ие Сарышаяндар өз білімін дұрыс бағытқа жұмсайтын болса, асқан ғалым болып, жаңа ашулар жасаушы еді. Жұмысқа жауакершілікпен қараса да, кейде бойында жалқаулық оянады. Бұндай кездерде оны өмірге үйретудің, тиісудің қажеті жоқ, əйтпесе ол шағып та алуы мүмкін. Онсыз да сарышаян мансап жолымен тез және тура көтерілуде.

Сарышаян. Денсаулық.

Су Сарышаянға өмірлік күш пен қуаттың мол қорын сыйлады. Алайда, оларды қалай қолданатынын Сарышаян өзі шешеді. Ауыр ойға беріліп, өзіне əртүрлі ауруды да тартуы мүмкін. Немесе, керісінше, имундық жүйесін қатайтып, өзін сырқаттан қоршауы да ықтимал. Сарышаянның проблемасы – жұтқыншағы, жүрек жүйесі жəне арқасы мен аяғында. Сарышаянға спортпен айналысу міндетті. Қорқыныш сезінбеуі, қайсарлығы өкінішті жағдайларға əкелуі мүмкін. Тəукелге баруды қысқартып, экстремалды шараларға қатыспау қажет – бұл жағдайларда сәттілік Сарышаянға серік емес.

Сарышаян. Қатынас. Əйел жəне еркекпен, басқа да зодиак белгілерімен үйлесімділігі

Сарышаян Еркек. Ер-Сарышаян – құштарлықтың шынайы көрінісі. Бұл адамдармен өзіңді қауіпсіздікте жəне тыныштықта сезіну мүмкін емес. Қарым-қатынасыңыз үнемі шиеленіс үстінде болады, және сонымен қызық болмақ. Сарышаяндар – дөрекі романтик. Қоғамдық орында сезімдерін долы көрсету дəл осы белгілерге тəн. Сарышаян белгісінде туылған еркектер істі шиеленістіргенді ұнатады.

Сізбен нәзік жəне құштарлықпен татуласу үшін ғана жанжалдасуы мүмкін. Сарышаян ұнаса, оған лайық бақталас бола біліңіз. Оның ауыр сөздеріне дайын болыңыз, сізді бəрінің көзінше толық деп атаса, сіз де сөзден жеңілмеңіз. Көңілге алғыш, тез ренжігіш арулар Сарышаянмен көңіл қоса алмайды.

Сарышаян Əйел. Сарышаян белгісінде туылған əйелдер -қатерлі, олар біреудің жұбын, не отбасын жиі бұзады. Құпия сымбаты еркектерді еліктіреді. Үстіне, ата-аналар Сарышаян белгісінде туылған қыздарына ерекше есім беріп, оның сыршылдығын арттырады. Бұл əйелдер үшін кемшіліксіз, мінсіз ер адам қажет. Ол батылдық пен биік мұратты бағалайды. Сарышаян- Əйелдер сізден əлсіз екендігін сезіну қажет, бірақ сіз оны даралығынан айырмауыңыз шарт.

Сарышаяндар Тауешкі, Балық, Шаян жəне Бикешпен өте жақсы үйлеседі. Ал, Суқұйғыш , Тоқты, Арыстан жəне Мергенмен көңілдері жараспайды.

Сарышаян – сізді тасада күтіп тұратын кек. Олар – ойланып барып кегін қайтаратын адамдар.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық