Жұлдыз жорамал: Бикеш жұлдызнама белгісінің сипаттамасы

0

бикеш жұлдызнама жұлдыз жорамал мінезБикеш зодиак белгісі – 23 тамызбен 22 қыркүйек арасында туылған

Бикеш өмірлік ұстанымы – мен сараптаймын! Бұл белгі астында туылған адамдар дедукцияға, логикалық ойлауға, үздіксіз классификацияға жəне жүйелендіруге үйір. Кез келген іске үлкен ыждаһатпен қарайды. Бикештер үнемі рухани баюға, алға дамуға тырысады. Шаяндар секілді ырымшыл жəне иланғыш емес. Торпақтар мен Тоқтылардың бойында бар бірбеткейлік те Бикештерге тəн емес. Бикеш Арыстанға ұқсамайды – қоғамдық ортаның көзайымы болғанды ұнатпайды. Түсіністік жағынан қарағанд, ең қиын зодиак белгісі. Сондықтан, Бикештер жиі жалғыз қалады. Бұл адамдар өте кірпияз, айналасы тазалықтан жылтырап тұрады.

Бикештер ешқашан ештеңені асығып жасамайды. Кез келген іске кірісер алдында терең ойланады. Тәуекелге бас тікпейді. Бойында қызығушылығы мен сақтығы ұштасып жатады. Айналасындағы адамдар мен достарына жұмсақ, ашық және адал. Бірақ, өзіне қажет кезде түр жасай да алады. Өзінің сыртқы келбетін бақылауда ұстайды, сəнді жəне сырбаз киім киінеді. Бикештердің басты кемшілігі- өз кемшіліктерін мойындамау. Нашар жақтарын мойындамағандығынан бойында тəкаппарық бар.

Бикеш. Мансап.

Бикеш – ең еңбекшіл зодиак белгілерінің бірі. Дәл осы адамдарды «тынымсыз ара» деп те атайды. Физикалық дайындығы, шыдамдылығы жəне зейінділігінің арқасында Бикештер қызмет ету саласында көптеп кездеседі, себебі бұл жұмысқа тəн қара күш пен күйзеліске шыдамдылығы бар. Бикештер идея тудыра алмайды, бірақ сол идеяның жақсы орындаушылары. Сондықтан, мансап жолының ең биік сатысы – орта дәрежелі Менеджер. Айлығын көбейтуді жəне жоғарылатуды сұрауға ұялатын Бикештер бастықтың лауазымына көтеріле алмайды.

Қай мамандыққа бет бұрамаса да, Бикештер өз қабілеттерін барынша шыңдайды. Олар жалғыз орындауға болатын жұмыстарға басымдылық береді. Ұжымда достық атмосфера орнамаған жағдайларда өздерін тұйық ұстайды. Бикештер барға қанағат етеді. Кішкентай айлыққа күн көріп қоймай, оның үстіне қандай да бір бөлігін қара күнге қалдырады. Азартты ойындарды ойнамайды, əсіресе ақшаға. Өз қаржысына асқан ұқыптылықпен қарайды.

Бикеш. Денсаулығы

Физикалық төзімділігіне қарамастан, Бикештер шымыр дене бітімімен мақтана алмайды . Спортзалға бармағандықтарынан қатайған бұлшықеттарі жоқ, сондықтан буындарының ауруы мүмкін. Алайда, жүйке жүйелерінің беріктігі физикалық кемшіліктерін білдіртпейді. Өз денсаулығының кемшіліктерін білетін Бикештер бұл сұраққа жауакершілікпен қарап, организмнің хабарларына мұқият құлақ асады.

Проблемаға беріліп кеткенінің салдарынан микробтан қорқады, тазалық пен антимикробты дəрі-дəрмектерге қадалып қалған. Күйзеліс пен уайымға жиі салынуы іштің қатуына əкеледі. Бикештер өзінің ішек құрылысына мұқият болуы керек.

Бикеш. Қарым-қатынас. Əйел жəне еркекпен, басқа зодиак белгілерімен үйлесімділігі

Бикеш Еркек. Ер-Бикеш – прагматист жəне реалист адам. Ол романтикаға, қиялға, шексіз махаббатқа талпынбайды. Бірінші орынға материалдық жағдай мен тиімділікті қояды. Ер-Бикеш эмоцияға, əсіресе көз жасына алданбайды. Ол үшін махаббат достық көмекте, бауыр басуда, қолдауда көрінеді. Сонымен қатар, Бикеш еліктіруші, бірақ бұл қасиетін өзінің интеллектуалдық деңгейін жетілдіру үшін қолданады. Ер-Бикешпен бас қоспақ болсаңыз, ешқандай романтиканың болмайтынына көнігіңіз. Бұл байланыста еріңіз адалдық пен тазалықты бағалайтын болады.

Бикеш Əйел. Əйел-Бикеш – ыстық махаббат пен суық темірдің бірегей қосындысы. Бұл белгіде туылған əйелдер қатынаста басты рөлді атқарады. Арадағы сезімнің суығанын сезінген Бикештер бірге болған уақытқа қарамастан, бар байланысты үзеді. Əдетте бұл адамдар екінші некесінде бақытты болады. Бикеш сүйсе, бар жанымен, өзінде бар бар сезімі, бар ілтипаты жəне мейірімімен сүйеді. Бикешті өзіңізге қарату үшін тұрпайылықтан бастартып, ол үшін бәріне əзір екеніңізді көрсетіңіз.

Қатынаста Бикешке Арыстан барынша сай. Ал, Сарышаян, Таразы жəне Торпақпен байланыс сəтсіздеу болмақ.

Бикеш – Жер белгісі, сондықтан оның реалистігін осылай түсіндіруге болады.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық