Зимбабве президенті Назарбаевпен кездесуге ерекше киініп келді

0
218
Саясат

Қысқа сілтеме алу

92 0 0

Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде мойынорағыш тағып отырды

АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Зимбабве басшысы Эммерсон Мнангагва Ақордадағы кездесуге кара костюмнің үстінен ашық түсті мойынорағыш тағып келді. Ондағы жолақтардың түсі ел туының түсімен сәйкес келеді.

Журналистер сондай-ақ Мнангагва пиджактың ішінен жылы тоқыма желетке кигенін байқады. Айта кетейік, Астанада бірнеше күннен бері ауа райы жылы болып тұр.

Кездесу барысында  Эммерсон Мнангагва Зимбабве делегациясына қонақжайлылық көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

«Біз сыртқы саясатымызда, соның ішінде Африка бағытында кең ауқымды сауда қарым-қатынастарын дамытуға және халықаралық бастамаларды өзара қолдауға ұмтылатын боламыз», – Қазақстан президенті.

Зимбабве Республикасының президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге мүмкіндік туғызып, Зимбабве делегациясына қонақжайлылық көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

  • Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва  Ақордадағы кездесу кезінде

    Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва Ақордадағы кездесу кезінде


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

  • Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва мен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кездесу кезінде

    Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва мен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кездесу кезінде


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

  • Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва мен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кездесу кезінде

    Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва мен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кездесу кезінде


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

  • Зимбабве делегациясы

    Зимбабве делегациясы


    ©
    Sputnik / Владислав Воднев

1 / 4


©
Sputnik / Владислав Воднев

Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва Ақордадағы кездесу кезінде

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі салалары бойынша екі жақты ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Зимбабвенің көлік-логистика желісін жаңғырту және қайта өңдеу ісінде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/