Жыл басынан бері әлем бойынша 80 журналист көз жұмған

0
57

Жыл басынан бері әлем бойынша 80 журналист көз жұмып, 348-і қамауға алынған.

«Шекарасыз журналистер» халықаралық ұйымы желтоқсан айының 18-і күні жылдық қорытындысын жариялады.

«2018 жылдың соңғы 11 айында қызметіне байланысты 80 журналист көз жұмып, 348-і қамауға алынды. Бұдан бөлек 60 журналисті кепілде ұстап отыр» – делінген ұйым таратқан мәлімдемеде.

Сарапшылар пікірінше, әлем бойынша  БАҚ өкілдеріне жұмыс істеуге ең қауіпті аймақтар Ауғанстан, Сүрия, Мексика және АҚШ. Жыл басынан бері Ауғанстанда 15 тілші, Сүрияда 11 журналист, Мексикада 9 БАҚ қызметкері, АҚШ-та 5 журналист көз жұмған. Ал, ұсталған 348 журналистің жартысынан көбі Қытай, Мысыр, Түркия, Сауд Арабиясы және Иран елдерінде қамауда отыр.

«The Qazaq Times»