Жүрсіннің құдасы ДДСҰ басшысы ретінде екінші мерзімге қалды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алда болатын сайлаудағы жалғыз кандидат болып тіркелді, деп хабарлайды kznews.kz сайты ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
ДДСҰ-ның бас директоры қызметіне қайта ұсынылған Гебрейесустың кандидатурасын орындаушы комитет Женевада өтетін 150-ші сессия кезінде қарайды. Сайттағы ақпарат бойынша, шешім ассамблеяда 22-28 мамыр аралағында жасырын дауыс беру арқылы анықталуы тиіс.
Үміткерлер 2021 жылдың 23 қыркүйегіне дейін тіркелген. Гебрейесустың кандидатурасын ұйымға мүше 28 ел ұсынған. Олардың ішінде: Қазақстан, Австрия, Ирландия, Бахрейн, Барбадос, Дания, Индонезия, Хорватия, Ботсвана, Кука аралдары, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Венгрия, Испания, Кения, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Оман, Португалия, Руанда, Словакия, Швеция, Тонго, Тринидад пен Тобаго бар.