Домой Жаңалықтар Жағдайы ауыр: Қазақстанда тұтқындалған қырғызстандық музыкантқа шұғыл операция жасалды

Жағдайы ауыр: Қазақстанда тұтқындалған қырғызстандық музыкантқа шұғыл операция жасалды

0
2678

Алматыдағы жанжалға қатысты деген айып тағылған қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов Instagram желісінде жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«10 қаңтарда мені үйге әкелді. Біразға дейін өзіме келе алмадым. Үлкен ағам Рустамның айтуымен толықтай тексерілуден өттім.

Мені жансақтау бөліміне апарып, ота жасады. Сол кезден бері ем қабылдап жатырмын. 3 ауруханада болдым. Қаншалықты қиналғанымды туысқандарым мен медицина қызметкерлері ғана көрді», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары жазба астына түрлі пікір жазып қалдырды.

Бірі «Викрам, сенімен мақтанамыз! Адамгершілігің мен даналығыңа бас иеміз! Тірі болғаның үшін, үйде болғаның үшін қуаныштымын! Жаман күндер артта қалсын» десе, енді бірі «Жазылып кетіңіз! Бәріміз бір аспанның астындамыз, Аллах бәрін өз орындарына қояды әлі» дейді.

Әншінің шын жанашырлары «Ең бастысы сіз үйдесіз. Уақыт өте келе бәрі өз орнына келеді. Жерлесім, тез жазылып кетіңіз! Бұл нәрсені кім ұйымдастырса да, жазасын алады» деп қолдау білдіріп жатыр.