«Журналист екенімді білсе тәліптер мені өлтіреді»
Ауғанстандық журналист әйел шетелдік БАҚ-қа жылап тұрып сұхбат берді, деп хабарлайды ЭК.
Ауғандық әйелдің тілші екенінен тәліптер әзірге бейхабар, деп жазды BBC агенттігі. Вахиданың айтуынша, егер содырлар оның атқарған қызметі жайлы білсе, оны бірден өлтіреді.
Мен өз Отанымды сүйемін, бірақ мұнда қала алмаймын,
Тілші елге оралмауға бекінген. «Мына жағдайдан кейін бұл менің Отаным емес», — деді ол көз жасына ерік беріп.