Алматыда автокөлік ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды

0

Алматыда автокөлік ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды KzNews тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мегаполистің бейнебақылау жүйесі 33 жастағы ер адамның қылмысын тіркеді.

«Бірнеше күн бұрын жергілікті тұрғын біздің бөлімге арызбен жүгінді. Ол түнде белгісіз біреу көлігіне терезені сындырып кіріп, құжаты мен жеке заттарын ұрлап кеткенін айтты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Елнұр Құдіретбаев.

Оның айтуынша, бұл күдіктінің жасаған жалғыз қылмысы емес. Осыған байланысты жедел қызметтер оның басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.