Қызғаншақ еркек ашынасын бесінші қабаттан лақтырып жіберген

0

Түркістан қаласында қасақана кісі өлтді деген күдікпен 37 жастағы Өзбекстан азаматы тұтқындалды, деп хабарлайды ЭК.

Қалалық мамандандырылған тергеу соты оқиғаның мән-жайын анықтай келе, күдіктіге тағылған айыпты негізді деп тапты. Өзбекстан азаматы қамауға алынды.

Тергеу орындарының мәлімдеуінше, күдікті 4 шілде күні таңғы сағат 8-де Отырар ықшамауданында орналасқан сүйіктісінің пәтеріне келеді. Ер адам мас күйінде пәтер есігін ішінен құлыптап, кілтті қалтасына салып алған.

Ол мастықпен үй иесін бөгде еркектермен байланыстың деген сылтаумен ұра бастайды. Ауыр соққыға шыдамаған әйел балкон арқылы көрші үйге өтпек болған кезде, әлгі еркек оны итеріп жіберген. Бесінші қабаттан құлаған әйел тіл тартпай кетті.

Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті 16 тамыз күні қолға түсті, алайда кінәсін мойындамай отыр. Оның айтуынша, жәбірленуші балконнан өзі секіріп кеткен.