«Жүргізуші жауапкершіліктен құтылып кетпек». Алматыда жүк көлігі әже мен немересін қағып кетті
Алматы қаласында жүк көлігі әже мен оның 2010 жылы дүниеге келген немересін қағып кетті. Әлеуметтік желіде аталған жүк көлігінің жүргізушісінің жауапкершіліктен сытылып кеткісі келгені туралы ақпарат тарады.
Осы тараған ақпаратқа қатысты полиция департаменті түсініктеме берді.
15 наурыз күні сағат 09:30 шамасында жүк көлігінің 1963 жылғы Валентина есімді кейуана мен 2010 жылғы Таисия есімді қыз баланы қағып кеткен, делінген желіде тараған ақпаратта.
Сондай-ақ, олардың ауыр жарақатпен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгені туралы жазылған. Ал араға бір сағат салып пайда болған куәгерлер әже мен баланың жүк көлігіне өздері жүгіргенін айтқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы қалалық полиция департаменті 345-баптың 2-бөлігі «Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соғу» бойынша тергейтінін мәлімдеді.
Тиісті сот-медициналық сараптамалар да тағайындалған.