Ақтөбе облысының әкімі табыстаған сертификат қаражатының қайда жұмсалғаны белгілі болды

0

Бүгін бірқатар БАҚ-та Ақтөбе облысы әкімінің (Оңдасы Оразалин – ред.) көпбалалы анаға 2 млн теңгелік жалған сертификат табыстағаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды «Азаттық Рухы» сайты.

«1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған іс-шарада (Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында) ақтөбелік көпбалалы ана Айсұлу Куздібаеваға 2 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Өңір басшысы Ақтөбе облысы ҚХА төрағасы ретінде ЭКҰ басшылары атынан жалғызбасты ана С.Қалиеваға 100 мың теңгенің, «Динар-

Электромаш» ЖШС атынан түрлі ұлт өкілдерінен 18 бала асырап алған Жетесовтар отбасына 350 мың теңгенің, Әзірбайжандар қауымдастығының Жастар қанаты атынан көпбалалы ана Айсұлу Күздібаеваға пәтерін күрделі жөндеуден өткізуге және жиһаз сатып алуға 2 млн теңгенің сертификатын табыс етті», — деп жазылған әкімдік хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, сертификат алғанға дейін Күздібаеваның үйіне толықтай жөндеу жұмыстары (2 млн теңгеге) жүргізілген. Ал меркелік шарада ұсынылған құжат жұмсалған соманың салтанатты түрде табысталған көрінісі екен.

«Әзербайжандар қауымдастығы Жастар қанатының өкілдері өздерінің қайырымдылық жұмыстарын көрсету туралы бастама көтеріп, Ақтөбе облысы ҚХА төрағасына облыс әкімінің сертификатын беруді сұрады.

Сонымен қатар, Айсұлу Күздібаеваға 2 млн теңгелік сертификаттың қаражаты бұл жөндеуге және жиһаз сатып алуға жұмсалған сома екені түсіндірілді. 1 наурызда Күздібаеваның пәтеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталды, жиһаз іс-шара өткеннен кейін бірден жеткізілді», — деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң жағдай оң шешімін тауып, Айсұлу Күздібаевтың әкімдікке ешқандай шағымы жоқ екені белгілі болды.