Home Жаңалықтар Жүкті әйелді босандыруға көмектескен полицей марапатталды

Жүкті әйелді босандыруға көмектескен полицей марапатталды

0
246

Солтүстік Қазақстан облысында жүкті әйелді босандыруға көмектескен полиция капитаны ҚР ІІМ «Құқықтық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалімен наградталды.

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің қызметкері Ольга Кангозина 8 қаңтар күні ауыл фельдшеріне толғағы қысқан әйелді босандырып алуға көмектескен.

Тергеуші болып жұмыс істейтін жедел уәкілдің айтуынша, бес жыл ішінде қызметіне байланысты түрлі қиын сәттерді басынан өткеріп, оған еті үйренгенімен, бұл оқиға оған ең қиын сынақ болған.

«Бұл менің ғана емес, дәрігерлердің де еңбегі. Медицина қызметкерлері мен полицейлер ең алдымен халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қызмет етеді», – дейді Ольга Кангозина.

Полиция капитанына медальді облыстық полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев табыс етті.

«Полиция капитаны Кангозина оқыс жағдайда абдырап қалған жоқ. Бұл қазіргі қазақстандық полицейдің бейнесі. Тәртіп сақшысы психологиялық тұрғыда тұрақты, жедел шешім шығара білетін, ширақ, жан-жақты дамыған, адамдарға қол ұшын созуға дайын болуы қажет. Ольганың екі жоғары білімі бар, заңгер және психолог. Өзін-өзі дамытуға ұмтылу – нағыз кәсіби маманның тағы бір маңызды ерекшелігі. Лайықты марапат оның кәсіби тұрғыда дамуына ынталандыру болады деп сенеміз», – деді Марат Төлебаев.

Дереккөзі: Түркістан 

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету