Жолды қазып кеткен мекеме: «Асфальтты өздерің төсеп алыңдар!»

0

Асфальтты өздерің төсеп алыңдар! Алматыдағы «Ақбұлақ» шағын ауданында су құбырын жүргізген мердігер мекеме тұрғындардың ашуын тудырды. Көшелерді қазып, жолдың астаң-кестеңін шығарған мамандар әкімдікке жалған есеп берген көрінеді. Ал жергілікті билік болса өз қаржысына көшені қалыпқа келтіру керек дегенді айтып отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Көрсетсей мына жерден. Потому что раскопали вы. Я вам покажу фотографий».

«Ақбұлақ» шағын ауданындағы даудың басы коммуналдық желілерді тартудан басталыпты. Елді мекенде ауыз су мен кәріз желісін жүргізу жұмыстары аяқталуға таяу. Сондықтан мердігер компания Алтайбаев көшесінің тұрғындарына жаңа асфальт төселмей тұрып, үйлеріне желіні тартып алуды ұсынған. Бес күн уақыт берілгендіктен барлығы жанталасқан. Алайда Бағаев, Алтайбаев, Шаңғытбаев көшелеріне келгенде сиырқұймышақтанып кеткен көрінеді.

ҚАЛДЫҚАН ҚОШҚАРҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бізде ешқандай ештеңе қосылған жоқ. Наборот, әрбір үйдің иелері канализацияның, суық судың шләнгісін адам жалдап, үйлеріне кіргізіп қойды. Енді міне су да жоқ, канализация да жоқ. Ақша төледік біз ол адамдарға. 150 мың теңгеден жоғары төледік жасаған адамдарға. Енді міне ешқандай хабар жоқ, түк жоқ».

Бағаев көшесіндегі 4 үй жобаға енбей қалыпты. Не ауыз суға, не кәріз құбырына қосыла алмай қалған. Көшеге жаңа асфальт төселіп кеткендіктен енді мүлдем қазуға рұқсат жоқ. Бірақ, 1 миллионға жуық теңге төлесе қосып беруге уәде берген. Оны естігенде тұрғындардың төбе аштары тік тұрыпты.

ҮМІТ АСАНБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бізде канализацияға ешқашандай мүмкіншілік жоқ дейді. 800 мың теңге төлесең қандай жағдай болса да мүмкіншілік болып кетеді екен. Ондай 800 мың теңгені біз қайдан аламыз. Бір үй, маған ғана айтып тұр. Ана жерге апарып қосып беремін дейді. Осы частниктер».

Ең сорақысы мердігер мекеме қазылған көшелерге асфальт төсеп кеттім деп қалалық әкімдікке есеп берген. Ол аздай осы көшелерді қосымша ақыға участок шебері өз техникасымен қазып беріпті. Жеме-жемге келгенде тұрғындар көшені өз беттерінше бүлдірген болып шығып, енді өз қаржыларына қалпына келтіру тиіс. Ал осында тұратын жұрт, асфальт төсеген жанды көрсек көзіміз шықсын дейді.

«При это при всем он сам Арғын. То есть, он давал свою технику люди за это оплачивали. Это все выкаповали. У всех по 100-150 около двухсот тысяч».

ИНГА МЕЙІРХАНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Олардың бізге берген жауабы жаңағы Арғынның Алтайбаев көшесіне мен асфальт төсеп кеттім, менің бригадам. Бірақ бұл кісілер өздері самовольна жаңағы жасалынған суға және канализацияға өздері қосылып, бар асфальтты құртты дейді. Негізінде өздеріңіз көріп тұрған шығарсыздар. Бізде көше жоқ».

Дау тудырған аумаққа мердігер мекеме мен тапсырыс берген әкімдік қызметкерлері де келді. Ашынған жұрт бас мердігердің өкілін сан сауалдың астына алып, жөндеген жерлерін көрсетіп беруді талап етті. Асфальт түгілі бірнеше жерге люк салмай кеткен ол қай жер екенін де көрсете алмады.

«Проста бар ғой, зачем так врать . Я вам не вру . Я вам сейчась фотогарафий покажу. Потому что сами раскопали. Асфальтыңды көрсетші салған?. Я вам сейчась покажу».

Ал әкімдік қызметкерлері бұл көшені қалпына келтіру жобада жоқ дейді. Себебі, мердігер ұйым өз күшімен қазылған жерлерге асфальт төсеп кетіпті. Мердігер жаңасын төседім десе, әкімдік өкілі ескісі салынғанын айтады.

БЕКНҰР ӘЛИАҚПАР, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «Бұл — Алтайбаева көшесінде Құдықтан құдыққа дейін тесу әдісімен өткен. Асфальт жабынын кейбір жерлерде қазбаған. Кейбір өте алмаған жерлерді қазған. Сол өте алмаған жерлерге крупнозернистый дейді, сол асфальтты салған. Сол ескі асфальтты бұзған кезде соны қайтадан төсеу».

Жолдан да, коммуналдық желілерден де қағылған жұрт енді құзырлы органдарға шағым түсіріп тексертуге бекініп отыр. Ал әкімдік өкілі жұртшылық өтініш берсе келесі жылдың жоспарына енгізілуі мүмкін екенін жеткізді.