Жээнбеков Тоқаевты құттықтады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жээнбеков и Тоқаев

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесіп, коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады.

Президенттердің пікірінше, эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет етуі маңызды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективасы жайында пікір алмасты.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады.

stan.kz