Жетісайда егіс алқабында болған төбелесте 12 адам жарақат алды – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Түркістан облысының Жетісай ауданында егістік басында жаппай төбелес болып, 12 адам жарақат алды. Оқиғаға қатысы бар екі адам тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төбелестің видеосы әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен. Видеода егістік басындағы диқандар бір-бірімен төбелесіп жатқаны көрінеді. Жетісайлық полицейлер төбелестің 29 мамыр күні болғанын анықтады.

Адамдар арасындағы төбелес егістікке жіберілетін суға таластан туындаған. Төбелестен кейін ауруханаға 12 азамат жүгінген. Бес адам Жетісай аудандық ауруханасына жатқызылып, қалғандары алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтқан.

«Аталған жәйт ҚР ҚК-тің 293-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда тұрғындардың алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.Тәртіп сақшылары тексеру барысында осы төбелеске қатысқан 2 азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша барлық тұлғаларды және кінәлілерді анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тексерілуде», – делінген хабарламада.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз