Қазақстанда коронавирусқа тестті қай жерде тапсыруға болады — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирусға тестілеуді Ұлттық сараптама орталығының филиалдарында республикалық маңызы бар қалаларда да, облыс орталықтарында да өтуге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Ұлттық сараптама орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, коронавирусқа ПТР тесті 11 500 теңге тұрады.

«Зерттеу үшін биоматериал ретінде мұрын жұтқыншақ және ауыз қуысы жағындысы қолданылады. Тест нәтижелерін беру 12 сағаттан 24 сағатқа дейін. Тест тапсыру үшін азаматтар nce.kz сайтына жеке мәліметтерін толтырып алдын ала тіркелуі керек», — деп түсіндірді ҰСО.

Зертханаға қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде киіп келу керек. Талдауларды қабылдау кестесі: 8.30-дан 16.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша), аптасына 5 күн.

Қалалар бойынша COVID-2019 тестілеуден өту үшін ҰСО филиалдарының мекен-жайлары мен телефондарының толық тізімі:

Нұр-Сұлтан: Желтоқсан көшесі, 46, телефон: 8 (7172) 55-49-21;
Алматы: Жібек Жолы көшесі, 3, телефондар: 8 (7273) 82-35-65, 8-727-385-41-68;
Қостанай: Әл-Фараби көшесі, 113, телефондар: 8 (7142) 54-44-18, 8 (7142) 54-74-10;
Қызылорда: Бектұрғанов көшесі, 10А, телефон: 8 (7242) 70-10-63;
Павлодар: Аймауытов көшесі, 2/5, телефондар: 8 (7182) 62-71-82, 8 (7182) 55-62-42;
Өскемен: Назарбаев даңғылы, 17, телефон: 8 (7232) 52-56-78;
Талдықорған: Сланов көшесі, 85А, телефондар: 8 (7282) 39-07-58, 8 (7282) 60-12-12;
Ақтөбе: 8 Март көшесі, 3, телефондар: 8 (7132) 50-67-31, 8 (7132) 53-85-56;
Ақтау: 1 көше, Аурухана қалашығы ықшам ауданы, телефондар: 8 (7292) 50-43-76, 8 (7292) 50-75-15;
Атырау: Берғалиев көшесі, 39А, телефондар: 8 (7122) 32-99-58, 8 (7122) 32-23-36;
Көкшетау: Құдайбердиев көшесі, 27, телефондар: 8 (7162) 26-61-27, 8 (7162) 26-56-39, 8 777-874-87-63;
Қарағанды: Әлиханов көшесі, 2, телефондар: 8 (7212) 50-75-93, 8 (7212) 50-22-83;
Тараз: Әйтеке би көшесі, 13, телефон: 8 (7262) 59-00-77;
Семей: Сеченов көшесі, 9, телефон: 8 (7222) 34-14-12;
Орал: Нұрпейісова көшесі, 19, телефондар: 8 (7112) 51-15-72, 8 777- 619-15-60;
Шымкент: Майдантал көшесі, 4, телефондар: 8 (7252) 43-36-72, 8 (7252) 43-30-55 (мүмкін тірі кезекте).

Коронавирусқа жасалған талдауды жеке зертханаларда да тапсыруға болады.

stan.kz