Желтоқсанның 22-не арналған ауа райы болжамы

0
58

2018 жылғы 22 желтоқсан 06:00 287

Желтоқсанның 22-не арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның басым аумағына антициклон ықпал етеді. Соның салдарынан күн жауын-шашын, қар жаумайды, аяз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, республиканың бірқатар аумақтарына тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, түнде және таңертең желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұмантүседі, күндіз – жаяу бұрқасын болады.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Манғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Алматы облысының бірқатар аймақтарында тұман түсуі мүмкін. Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Ақтобе облысының жекелеген аудандарында желдің күші 15 м/с жетеді.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты аяз болуы ықтимал.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz