Жарты миллион қытайлықтар ДДСҰ-дан АҚШ-тағы зертханаларды тексеруді талап етеді
Жарты миллионнан астам қытайлықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) жазылған онлайн ашық хатқа қол қойды. Хаттың мазмұнында олар «болашақ эпидемияның алдын алу үшін» Форт-Детрик базасындағы американдық биолабораториядағы жағдайды тергеуді талап етеді.
Хатта зертханада 2019 жылы коронавирус пандемиясына дейін қателіктер болғаны айтылады, алайда АҚШ билігі бұл туралы мәлімет таратқан емес. Сондай-ақ онда бұл әскери базадан бірнеше рет қауіпті сынамалар жоғалып кеткені айтылған.
17 шілдеде ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебресиесус ұйым қытай зертханаларын тексеруді жоспарлап отырғанын, себебі COVID-19 инфекциясының алғашқы белгілері осы лабораториялардың төңірегінде болғанын айтқан. Гебрейесус сонымен қатар коронавирустың шығу тегі туралы тергеу саясат төңірегінен алшақ ғылыми жұмыс болуы керек деп атап өткен. Ресми түрде Қытай да осы көзқарасты ұстанады.
Бұған дейін ДДҰ басшысы коронавирустың зертханадан пайда болу теориясына баға берген болатын. Ол SARS-CoV-2 зертханалық шығу нұсқасын жоққа шығармайтынын жасырмаған. Сонымен бірге, Гебрейесустың айтуынша, тергеудің бастапқы кезеңінде аспан асты елінің тарапынан қажетті «ашықтық пен ынтымақтастық» болған жоқ. «Мәліметтермен, әсіресе өңделмеген ақпараттармен алмасуда қиындықтар болды», —