Тоқаев: Халықты әртүрлі тәсілмен вакцинаның тиімді екеніне сендіруіміз керек

0
9

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте вирусты тоқтату мүмкін емес екенін айтты.

“Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу”, – дейді Тоқаев.

“Бүгінгі күні 2,8 миллионға жуық адам иммундаудан өтті. Алайда, вакцинациялаудың жақсы динамикада жүргізіліп жатқанына қарамастан, кейбір аймақтарда жағдай нашар. Вакцинация алғысы келмейтін адамдармен жұмыс кезінде дифференциалданған тәсіл қолданылуы керек. Адамдар әртүрлі себептермен вакцинадан бас тартып жатады. Ондай адамдардың арасында не салдырарын, не салдырмасын білмей жүргендер көп”, – дейді Тоқаев.

“Біз вакцинаға күмәнмен қарайтындарды әртүрлі тәсілмен вакцина салдыруға көндіруіміз керек, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықты сендіруіміз қажет. Вакцинациялауға қарсы шағын топтың кесірінен өз халыққа қауіп төндіре алмаймыз. Кейбір дамыған батыс елдері сендіру әдісінен мәжбүрлеу шараларына көшуде.

Кейбір аймақтарда вакциналарды сақтаудың температуралық режимін бұзу фактілері анықталды. Бұл вакцинаның әсер ету тиімділігінің төмендеуіне себеп болғанын айтты Тоқаев.

“Вакциналарды тасымалдау мен сақтаудың барлық аспектілері нақты қарастырылуы керек. Өкінішке орай, соңғы мәліметтер барлық облыстардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырмағандығын көрсетеді”, – дейді мемлекет басшысы.