Тоқаев жалған вакцинация паспорттарын жасағандарға қатаң жаза қолдануды тапсырды

0
93

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған вакцинация паспортын жасап жатқандарға жазаны қатаңдатуды тапсырды.

“Иммундау процесін баяулататын тағы бір өзекті мәселе вакцинацияның жалған төлқұжаттары. Мүндай кері әсерін тигізетін әрекеттерді жедел түрде ауыздықтау маңызды. Қазір жұмыс жүргізіліп жатыр, оны соңына дейін жалғастыру керек”, – дейді Тоқаев.

“Вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырамын. Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтерген болатынмын. Бұл жерде елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселесі қозғалып отыр”, – дейді Тоқаев.