«Жаны бейіште шалқысын»: Әріптестері Жеңіс Сейдоллаұлына көңіл айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

«Қазақконцерт» ұйымы мекемесінің басшысы Жеңіс Сейдоллаұлының анасы дүниеден озды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

jenis

Өнер иесіне алғашқылардың бірі болып сахнадағы қарындасы Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде көңіл айтты.

«Отбасына және туған-туысқандарына ардақты анамыз Рысмамбетова Үрзипа Кәрібайқызының өмірден озуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Сұрапыл соғыстың тауқыметін көріп, тылда еңбек еткен, 10 баланы дүниеге әкелген батыр ана бейнетінің зейнетін көріп, ұл-қызының ортасында бақытты ғұмыр кешті. Апамыздың иманы жолдас болып, нұрлы да мөлдір жаны бейіште шалқысын», — деп жазды Әуелбекова.

Әлеуметтік желі қолданушылары да өз кезегінде бұл қайғыға ортақ екенін жеткізді. 

stan.kz