Анатолий Карповтың сирек маркалар коллекциясы

0
51

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұлттық музейде «Ресей-Қазақстан – ғарыштық дәуірді тұңғыш ашқандар»  атты пошта маркаларының көрмесі ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Көрмеге шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, РФ мемлекеттік думасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Анатолий Карповтың жеке коллекциясындағы сирек маркалар қойылған.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин мен шахматшы Анатолий Карпов көрменің ашылу салтанатында

Бұл экспозиция үшін әйгілі шахматшы Ғарыш күніне арналған 98 ерекше маркасын іріктеп әкеліпті.

«Мен өз коллекциямды Қазақстанға алғаш рет әкеліп отырмын. Мұнда ғарышкерлер, ғарыш аппараттары мен белгілі ғалымдар бейнеленген. Мен олардың қолтаңбалары бар маркаларды арнайы іріктеп алдым. Ғарыш – ұшы-қиыры жоқ тақырып. Сондықтан бұл көрмеге тиянақты дайындалғанымызға қарамастан, бұл коллекциямның өте аз бөлігі ғана», – деді Анатолий Карпов.

Көрме ашылмас бұрын Карпов экспозицияны өзі аралап, дайындықты тексерді. Ол көрменің жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Бибісара Асаубаева сотта толықтай ақталып шықты

Көрмеге қызығушылық танытқандар аз болмады. Ашылу салтанатына жас шахматшылар көптеп келді. Олар ұзын-сонар кезекте тұрып, ақыры, Анатолий Карповтың қолтаңбасын алып қайтты.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Жас шахматшының Анатолий Карповтың қолтаңбасын алу сәті

Салтанатты жиында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин сөз сөйледі.

Тағы оқыңыз: Шахмат ойыны қандай қасиеттерді дамытады?

«Көрмеге қойылған әр марка Ресей мен Қазақстанның ғарыш тарихымен байланысты. Астаналықтар Анатолий Карповтың сирек маркалар коллекциясына жоғары баға береді деген сенімдемін. Бұл көрме Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестіктің дамуының дәлелі бола алады. Қазақстан біздің одақтасымыз әрі серіктесіміз»,- деді Ресей елшісі.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Шахматшы Анатолий Карповтың сирек маркалар коллекциясы

Еске сала кетсек, көрме халықаралық «Российские культурные сезоны» фестивалі аясында өтіп отыр. Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Қазақстанның ұлттық музейі мен «Роскосмос» бірлесе ұйымдастырған.

Экспозиция келушілерді 17 мамырға дейін қуантады.



sputniknews.kz