Жамбылдағы жарылыстан тағы бір әскери қызметші қайтыс болды

0
108

Бүгін Тараз қалалық ауруханасында Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан тағы бір әскери қызметші көз жұмды. Ол 28349 әскери мекемесінің оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы, 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде  жарылыс болды. Нәтижесінде  жалпы саны 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды.

Қаза тапқандардың жартысы әскерилер болса, қалғаны – өрт сөндірушілер.

Мадияар ЕРАЛЫҰЛЫ