Асқар Мамин Серікбай Трұмовты не үшін қызметтен алғанын айтты

0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты, онда өңір әкімі лауазымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Нұрлан Ноғаевтың кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірілді, деп хабарлайды kznews.kz сайты primeminister.kz сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының активімен өткен кеңесте А. Мамин Серікбай Трұмовтың өңірді дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, облыс басшысы лауазымында атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Жаңа әкімді таныстыра отырып, Үкімет басшысы оның өңірлік және республикалық деңгейдегі басшылық лауазымдарда атқарған мол еңбек тәжірибесін атап өтті.

«Жаңа әкімнің алдына өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша маңызды міндеттер қойылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының дамуына ерекше көңіл бөледі. Өңір өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика және туристік салаларда зор әлеуетке ие», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті қолдау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және табысын арттыру жөніндегі міндеттерді шешудің маңыздылығын атап өтті.