Жамбылдағы апат: Қорғаныс министрлігі өрттің неден шығуы мүмкін екенін айтты

0

Алдын ала бойжам бойынша Жамбыл облысындағы әскери қоймадан шыққан өрт сол жерде сақталған тротилдың жануынан туындауы мүмкін. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі және қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген ұшақ Жамбыл облысына ұшып келген.

«Инженерлік оқ-дәрілердің жанып жатқанын өрттің динамикасынан байқауға болады. Инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жалғасып жатқан өрт сол жерде сақталған тротилдың жануынан туындауы мүмкін» дейді Қорғаныс министрлігіні.

«Аспандағы түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың өртенуіне байланысты болуы да ықтимал.

Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін аталған қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі шығарылғанын айта кеткен жөн. Бұл қоймада алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ» деп жазды баспасөз қызметі.