Атырауда 30 жұмысшы ауыр жарақат алып, 4-еуі қайтыс болған

0
315

Атырауда 30 жұмысшы ауыр жарақат алып, 4-еуі қайтыс болған.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Игілік Әубәкіровтің мәліметіне сүйенсек, өндірісте жұмысшылардың жарақаты алуы азаймай отыр.

Өңірде жыл басынан бері 28 жазатайым оқиға тіркелді. Соның кесірінен 30 жұмысшы ауыр дене жарақатын алды. Ал, 4 адам қайтыс болды, – дейді Игілік Әубәкіров.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері 364 млн теңге жалақы қарызы өндірілгенін жазған болатынбыз.