Жамбыл облысында бір шенді өлі табылды

0

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы өлі табылды, деп хабарлайды Kznews  zakon.kz. сайтына сілтеме жасап

Талас аудандық әкімдігі қайғылы оқиғаның 2 қыркүйекте Қаратауда болғанын растады.

Талас облысы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі  Берік Кемелұлы өз көлігінің жанында атылғаны, оған тиген оқ марқұмның атына тіркелген қарудан екенігі анықталды. Аталған мән -жайлар бойынша тергеу жүргізілуде, — деді Талас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, облыстық әкімдіктегілер хабарланғандай, «осы бөлімнің бұрынғы бастығы Нұрлан Күдертаевқа қатысты тергеу өткен жылдың аяғында басталып, бүгіндері ол қамауда отыр».

 

2 қыркүйекте Талас аудандық ішкі істер бөліміне Қаратау көшелерінің бірінде оқ жарақаты бар белгісіз ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл адамның аудан тұрғыны екенін анықтады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін істің басқа мән-жайы жария етуге жатпайды, — дейді Талас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.