Жамбыл облысында алты адам коронавирус індетін жерлеу рәсімінде жұқтырған — Қазақстан жаңалықтары

0

Жамбыл облысы Қордай ауданының алты тұрғыны коронавирусты жерлеу рәсімінде жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Жамбыл облысының әкімдігінің мәліметінше, 22 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус инфекциясынан тағы жеті адам емделіп шықты.

1992 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 19 наурыз күні Тараз қаласына келіп, 5 сәуірде кеуде тұсының ауыруына, мұрынның бітелуіне және көздің қызаруына қатысты шағыммен карантиндік стационарға жатқызылған.

Одан COVID-19-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Қалған алты ем алушының барлығы 19 бен 62 жас аралығындағы тұрғындар. Үшеуі — ер, үшеуі әйел адам.

Олар коронавирустық инфекцияны Қордай ауданында жерлеу рәсімі кезінде жұқтырған. Барлығы осы ауданның тұрғындары болып табылады. Бір науқас әйелден жұқтырып, 6 сәуірде ауруханаға жатқызылған.

Дерттен айыққан жеті тұрғын да екі апта бойы инфекциялық стационарда болып, емдеу шараларын ойдағыдай өткізген.

Алгоритмге сәйкес, олардан КВИ-ға алынған екі ретік зертханалық талдаулар теріс нәтиже көрсеткен. Алдағы екі апта бойы олар үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 41 науқас ем алуда. Жағдайлары тұрақты. Жалпы аймақта коронавирустан 31 адам емделді.

stan.kz