«Ең жаманы әлі алда, вирус бізбен бірге ұзақ уақыт болады»: ДДСҰ басшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлем тұрғындарының көп бөлігі коронавирусқа осал болып қалады, ал COVID-19 әлемде ұзақ уақыт сақталады, сондықтан мемлекеттер қырағылықтарын жоғалтпауы тиіс. Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тедрос Гебреисус

«Біз түрлі аймақтарда түрлі трендтерді көріп отырмыз. Батыс Еуропадағы өршудің көпшілігі тұрақтанды немесе құлдырап жатыр. Сандар аз болғанына қарамастан, біз Африка, Орталық және Оңтүстік Америкада, сондай-ақ Шығыс Еуропада  алаңдаушылық трендтерді көріп отырмыз. Көптеген елдер әлі күнге дейін індеттің бастапқы сатысында, және бұрын вирусты болған кейбіреулерң жағдайлардың қайтадан жаңғырғанын көріп отыр.  Бұл вирус бізбен бірге ұзақ уақыт болады», — деді ол Женевада өткен брифингте.

ДДСҰ басшысы әлем халқының басым бөлігі вирусқа осал болып қалатынын, індеттің жаңадан өршу қауіпі бар екенін атап өтті.

Жақында ДДСҰ бас директоры кейбір елдердің шектеу шараларын әлсіретуіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, коронавирустың өршуі күшеюі мүмкін.

«Бізге сеніңіз. Ең жаманы әлі алда. Бұл қайғылы оқиғаның алдын алайық. Көптеген адамдар әлі де бұл вирустың қандай екенін түсінбейді», — деді ол. 

Гебрейюс бүгінгі жағдайды 100 миллион адам қайтыс болған 1918 жылғы испан індетімен салыстырды.

«Бірақ қазір бізде технологиялар бар, біз апаттың, осындай дағдарыстың алдын ала аламыз», — деп мәлімдеді ДДСҰ басшысы.

stan.kz