Коронавирусқа шалдыққандардың саны 65 адамға көбейді

0
45

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 2135 адамға жетті, оның 404-і Нұр-Сұлтан, 732-сі Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 65 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Оқи отырыңыз: Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін, бұл қауіпті кезең – денсаулық сақтау министрі 

«Алматы қаласында – 18, Жамбыл облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Түркістан облысында – 2, Шымкент қаласында – 28, Маңғыстау облысында – 2, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қостанай облысында -1, Қызылорда облысында – 6, Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Павлодар облысында – 1 адам тіркелді», – делінген хабарламада.

Осылайша індетті жұқтырғандардың саны 2135 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 404,
  • Алматы қаласы – 732,
  • Шымкент қаласы – 131,
  • Ақмола облысы – 83,
  • Ақтөбе облысы – 27,
  • Алматы облысы – 62,
  • Атырау облысы – 82,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 12,
  • Жамбыл облысы – 77,
  • Батыс Қазақстан облысы – 76,
  • Қарағанды облысы – 102,
  • Қостанай облысы – 35,
  • Қызылорда облысы – 157,
  • Маңғыстау облысы – 18,
  • Павлодар облысы – 38,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
  • Түркістан облысы – 69.

Соңғы мәлімет бойынша 515 адам жазылып шығып, 19 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz