«Жағымды бір жаңалық келді»: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент ішкі тұрақтылық болса, реформалар ары қарай ойдағыдай жүргізілетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев №115 сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін арнайы баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 


©
Sputnik / Владислав Воднев

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

«Жаңа ғана жағымды бір жаңалық келді. Еліміздің мақтанышы, танымал боксшымыз Головкин тағы да жеңіске қол жеткізді. Сондықтан келешекте бәрі дұрыс болады деп ойлаймын. Әйтеуір, басты құндылығымыз – татулық, ынтымақ пен бірлік сақталады. Бұл – ең басты мәселе», — деді Тоқаев.

Оның айтуынша, ішкі тұрақтылық болса, реформалар ары қарай ойдағыдай жүргізіледі.

Тағы оқыңыз: Головкин Роллстың жағынан ұрып құлатты – видео

Айта кетейік, биыл Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін заңға сәйкес сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымына келді. 20 наурызда ол ант беріп, Қазақстан президенті қызметіне кіріскен болатын. Тоқаев 2020 жылға, яғни Назарбаевтың мандаты аяқталғанша президент қызметін атқара алады. Дегенмен, 9 сәуірде ол кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Сайлау 9 маусымға белгіленді.



sputniknews.kz