Президент сайлауы 2019: Асқар Мамин дауыс берді

0
63

Премьер дауыс берген сайлау учаскесінде 2 999 сайлаушы тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залында ашылған №138 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Мамин алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық парызын орындауға келді.

Тағы оқыңыз: Алғаш болып дауыс берген қазақстандық кім?

Айта кетсек, № 138 сайлау учаскесінде 2 999 сайлаушы тіркелген.

Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақытпен 20:00-ге дейін жалғасады. Республика бойынша 10 мыңға жуық сайлау учаскесі жұмысын бастады.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 12,8%-і өз таңдауын жасап үлгерді

Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де ашылды.

10.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8%-і президент сайлауында өз таңдауын жасап үлгерген.


©
Sputnik /

Президентікке үміткер жеті кандидат



sputniknews.kz