Зеленский: Ресеймен әлі 10 жыл соғыса аламыз

0

Украина президенті Владимир Зеленкий қажет болса, Ресеймен әлі 10 жыл соғыса аламыз деп отыр. Бұл туралы ол CNN арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Зеленскийдің айтуынша, соғысты тоқтатудың барлық мүмкіндігін қарастыру керек.

«Мүмкіндіктер күн сайын азайып барады. Ешкім сөйлегісі келмейтін уақыт таяп қалды. Қоғам келіссөздерді жалғастырғанымызды қаламайды. Ал соғыс шексіз болмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек», –  деді президент.

Себебі оның пайымдауынша, соғыс неғұрлым ұзаққа созылса, украиндар көп шығынға ұшырайды. Адам өлімі  де көп болады. Бұдан бөлек, Украина президенті Киев Ресеймен соғысты тоқтату үшін Донбасстан бас тартпайтынын мәлімдеді.