Домой Жаңалықтар Шымкентте белгісіз вирус пайда болды

Шымкентте белгісіз вирус пайда болды

0
301

Шымкентте жергілікті тұрғындар белгісіз вирус пайда болғанын айтты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

ПТР-тесті теріс болған науқастарда дене қызуы қалыпты болғанына қарамастан, тамағы ауырсынып, жөтеліп, демігіп, бұлшықеттері сырқырап ауыра бастаған. 

Шынар Оразова кейінгі айда осымен екінші рет ауырып жатыр. Әйел адамның сөзінше, ол суық ішпеген, өкпек желде отырмаған, тұмауды қайдан жұқтырып алғанын өзі де білмейді. Екі жағдайда да симптомдар бірдей болған. 

«Бастапқы екі күнде мұрнымнан су ақты, сосын тамағым қыши бастады, ақылы медорталыққа бардым, олар менде ЖРВИ екенін айтып, дәрі жазып берді, қазір емделіп жүрмін», — дейді шымкенттік тұрғын. 

Дәл осындай басқа да жүздеген шымкенттік тұрғында байқалған. Мамандардың сөзінше, қалада вирус жүріп жатыр. Ақпан мен наурыздың өзінде шымкенттік дәрігердер 7962 ЖРВИ жағдайын тіркеген. Бұл былтыр дәл сол айлармен салыстырғанда екі есе көп. 

«Науқастардың 72,5 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. 2021 жылдың күзінен биыл көктемге дейін 16 тұмау жағдайы тіркелді, оның алтауы — балалар», — дейді Шымкенттегі СЭО басшысы Жанар Жақсылықова. 

Шымкент тұрғындарының сөзінше, емделуге біраз уақыт кетеді. Дәрігерлердің сөзінше, бұл ковид салдары болуы мүмкін, яғни иммунитет әлсіреп кеткен.