Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау керек? — новости Казахстана

Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін тәулігіне неше сағат ұйықтау керектігін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы kp.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйқы. Көрнекі фото: Женский клуб леди
Түн ұйқысы мәселелерін зерттейтін маман Мэтью Уокер мезгілсіз қазаға душар болмау үшін тәулігіне неше сағат ұйықтау керектігін анықтады.
Оның сөзіне сенсек, адам денсаулығы үшін тәулігіне сегіз-тоғыз сағат ұйықтау маңызды.
Уокер ұйқыға ерекше мән беру керектігін алға тартты. Профессордың айтуынша, ұйқының қанбауы семіздік, қатерлі ісік немесе жүрек ауруларын тудыруы мүмкін.
«Егер сіз тек алты-жеті сағат ұйықтап жүрсеңіз, қандай да бір дертке душар болу қаупі көбейеді», — дейді Уокер.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар