Адвокат Денис Тенді тапсырыспен өлтіруі мүмкін екенін айтты

0

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сотқа дейінгі тыңдалым барысында Денис Теннің анасы Оксана Теннің қорғаушысы істі қайта қарауды сұрады.

«Денистің анасы екеуіміз 38 томдық істі қарай келе қарама-қайшылыққа толы 14 деректі таптық. Ол деректер бұл қылмыстың тапсырыспен болғанын көрсетеді. Сондықтан, ол тұлғаларды да жауапқа тарту үшін аталған істі бөлек өндіріске бөлу мақсатында прокурорға қайта қарауға жіберуді сұраймыз»,- деді Оксана Теннің өкілі Нұрлан Өстеміров.

Процессуалды прокурор Қуандық Досов істі қайта қарау туралы талап арызды қанағаттындырмауды өтінді. Судья аталған талап-арызды кеңесу бөлмесінде шешетінін айтты. Еске сала кетейік, бүгін Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот басталған болатын.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз