Үрімдей қызбен тайталасу ұят қой…: Шахматтағы дау жалғасуда

0

Darmen Sadvakasov Осы күнге дейін қанша матч өтті, неге үнсіз келдіңіз? Мен анда едім, мында едім деген болмайды… тіпті демалыста болсаңызда командаңыз үшін жеке парақшаңызға кішкентай болсын ілтипат білдіруге болатын еді…

Ол үшін айға саусақ тигізудің қажеті жоқ. Смартфон қалтада ғой…

Неге бүгін жарқ ете қалдыңыз?! Бұл тікелей Бибісара Асаубаеваның өткендегі мәлімдемесіне контратака екені сезіліп тұр. Дәрмен мырза, астыдағы пікірде Рауан есімді азамат түсіндіре алды деп ойлаймын. Егер екі қыз тең нәтижеге жетпегенде командада жеңіс болмайтын еді…

Дәрмен мырза, шахматта тең нәтиженің өзі жеңістен кем емес екенін гроссмейстерға мен түсіндіріп отырмайтын шығармын?!

Үрімдей қызбен тайталасу ұят қой…

Жарайды сіздің логика салайық. Жансая мен Гүлісханның жеңісінің арқасы делік. Бірақ, кеше Бибісара қарындасым Азияның үздік шахматшысы атанды. Сол кезде бірінші құттықтау керек адам сіз едіңіз ғой…

Қай қырынан қарасақта, бақталасып тұрғаныңыз бетке ұрып тұр… сіздің тараптан бұл өте ұят, парасатсыз, мәдениетсіз, пасық іс-әрекет деп білемін…

Bibisara Asaubayeva сіз секілді шахматшылар әлемінде, біздің қоғамды жалт қаратқан ешкім жоқ! Мен сізге тілекшімін… Халықта сізге тілеулес…
Бізге сіздің нәтижеңіз емес, мінезіңіз ұнайды…

Мына жемқорлық, екіжүзділік пен өтірікке быққан қоғамда қаймықпай шындық айтқан, қолын жемқорлыққа былғамаған адамның бәрі батыр… Сізде батырсыз… жасымаңыз. Келесі ойынға сәттілік!

Даурен Абаев Хабардарсыз деген үміттемін!!! Өзгерістер керек… әсіресе шахматтағы басшылыққа… шұғыл түрде…

Серік ХАСЕНОВ