Путин мен Ердоғанның құпия жоспарын публицист жайып салды

0

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Кремль басшысы Владимир Путинмен кездесуінің өзіндік жоспары бар. Бұл пікірді 24 арна эфирінде ресейлік публицист әрі саясаткер Андрей Пионтковский айтты.

«Путин аянышты жағдайда болады», — деді ол.

Оның айтуынша, Путин Ердоған Украинамен бітімге келуге көмектесетініне сенеді. Пионтковский атап өткендей, Ердоған Путинді үш соғыспен ұстап отыр: Таулы Қарабақ, Сирия және Ливиядағы.

«Содан кейін Ердоған: «Құрметті Владимир, өкінішке орай, украиндар келіспейді» дейді. Және сол уақытқа дейін ол Қарабақтағы да, Сириядағы да барлық негізгі мәселелерін шешіп тастайды», — деді ол.

Публицисттің пікірінше, Ердоған Киевке жасаған қысымының нәтиже бермейтінін жақсы түсінеді, өйткені Украина өз азаматтарын «қанішерлер мен садисттердің билігіне»  бермек емес.

Ақпарат: unian.net, фото: ria.ru