Ұлы көшке жол сілтеді | «Айқын» газеті

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында, ширек ғасырдан астам уақыт ішінде тәуелсіз қазақ елі мерейлі мемлекет, ұлысты ұлт ретінде қалыптасып, әлемдік өркениеттен өзінің лайықты орнын алды. Бүгінде елімізде саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді және рухани бағытымызды жаңаша жаңғыртуға арналған серпінді шаралар атқарылып жатыр.

Президент Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихи маңызға ие болып, рухани құжатқа айналатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы тарихи маңызы зор мақаласына Ұлы дала өркениеті дамуының жеті құндылығын арқау еткен. Мақалада адамзат баласының дамуындағы зор мәдени жетістіктердің басым шоғыры, біз туып-өсіп, мекен етіп отырған кең байтақ өлкеде пайда болып, дүненің төрт бұрышына тарағаны туралы жазылған. Әрине, бұл Ұлы дала төсінде Мәңгілік елге айналуды мақсат тұтқан мемлекетіміздің мәдени даму тарихының тереңде жатқандығын тағы да растап отыр. Тіпті қазақтардың ұлттық тарихы біз пайымдап жүрген кезеңнен де көп әрі жатқаны, яғни «қазақ» этнониміне дейін қалыптасқаны туралы айтылып, бұл туралы еуроцентристік теріс көзқарасты бұзатын бұлтартпас фактілерді көруді ұсынып отыр. Өйткені біз өзімізді ежелде Орталық Азияның шексіз даласын мекендеген даңқты, қуатты тайпалардың ұрпағы ретінде санай аламыз. Сонымен қатар Президент мақаласында еліміздің тарихына ауқымды көзқараспен қарап, өткеніміз бен бүгінгі күнді пайымдай келе, ұлттық құндылықтарымызды рухани дамуы­мыздың бағдаршамы ретінде айқындап беріп отыр. Бүгінде цифрлы технологиялар әлемі сәт сайын жаңғыруда. Барша қазақстандықтарға жалпыұлттық бағдарламаға айналып отырған рухани даму арқылы, Ұлы дала мәдениетінің көп ғасырлық мұрасының цифрлы өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету және оны жаңғырту міндеті ұсынылып отыр. Бүгінгі қазақ ұрпағы осы тарихи деректер мен шындықтарды бойына сіңіріп қана қоймай, оның әр бөлшегін қастерлеуі, бағалауы, мақтан тұтуы керек. Біз еліміздің Мәңгілік елге айналып, әрдайым өркениет көшінің басында жүруіне аянбай қызмет етуіміз қажет!

Арын АСҚАРБЕКОВ,
«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары