Сот Мұрат Әбділданың мерзімінен бұрын босату өтінішін қанағаттандырмады

0

Сот екі жыл бұрын әлеуметтік желіде ұлтаралық алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған Мұрат Әбділданың өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Сүрінбейтін тұяқ жоқ…»

Блогер соттан жазасының өтелмеген мерзімін айыппұлға ауыстыруды сұраған. Істеген ісіне өкініп, түзеліп жатқанын, дұрыс жолға түскенін айтқан.

Құрметті сот, кешірім сұраймын! Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Қателігімді мойындаймын. Сабақ алдым. Кешіріммен қарауды сұраймын! Мүмкіндік берсеңіздер, – деді Мұрат Әбділда.

Прокурор судьядан сотталғанның өтінішін қанағаттандырмауын сұрады.

Не үшін

Ал адвокаты Мұраттың түрмеде отырған 2 жыл 2 айда мінездемесінің жақсы болғанын, үш рет алғыс алғанын айтты.

Сот Әбділдәнің бұған дейін дәл осы баппен екі рет сотты болғанын ескеріп, оның өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Еске салсақ, ол 2022 жылы ҚР ҚК 174-бабы, яғни, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік алауыздықты азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер жасағаны үшін 4 жыл 6 айға сотталған еді.