Құсбегілер бәсекесі. Қазақстандық бүркітшілер Азия чемпионы атанды

0

Алматы, BAQ.KZ. Құсбегіліктен ІІ Ашық Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 30 қараша күні Алматы қаласының Алатау ауданында басталған айтулы жарыста тоғыз мемлекеттің сексеннен астам құсбегісі үш күн бойы бақ сынады. Бұл туралы Ұлтық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Құсбегіліктен ІІ Ашық Азия чемпионатының бүркітшілер бәсекесінде барлығы 71 бүркітші бақ сынады. Солардың арасынан жартылай финалға 10 бүркітші суырылып шыққан болатын. Бүркітті қолға шықыру мен шырғаға түсіруде үздік шыққан Әбен Дулат (Алматы обл), Аршабай Дәурен (Түркістан обл), Құрманғалиев Ақберен (Алматы қ), Тастанбек Байрақ (Алматы обл), Қошқаров Арман (Атырау обл), Сейтжан Аян (Алматы обл), Канат Ярослав (Словакия), Нұман Өмірбек (ШҚО), Исмаилов Аман (Қырғызстан), Байетбай Өмірхан (Алматы обл) жартылай финалға жолдама алған болатын.

Осы он бүркітшіден құстарды қоянға, түлкіге түсірген жарыста төмендегі құсбегілер ІІ Ашық Азия чемпионатының жүлделі орындарын иеленді. Бесінші орынға дейін қаржылай сыйлықпен марапатталды.

ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ІІ АШЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

(Бүркіт)

1 орын – Исмаилов Аман (Қырғызстан, Нарын облысы)

2 орын – Тастанбек Байрақ (Қазақстан, Ақмола облысы)

3 орын – Құрманғалиев Ақберен (Қазақстан, Алматы қаласы)

4 орын – Нұман Өмірбек (Қазақстан, ШҚО)

5 орын – Канат Ярослав (Словакия)

Суретте: Словакия бүркітшісі Канат Ярослав.

Суретте: Ителгі бәсекесінде ІІ Ашық Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленген алматылық Руслан Абулов.

Сондай-ақ, чемпионаттың соңғы күні бәсекеге түскен қаршыға, ителгі баптаған 13 құсбегі арасынан төмендегі спортшылар ІІ Ашық Азия чемпионатында мерейлері үстем болды.

ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ІІ АШЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

(Қаршыға)

1 орын – Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)

2 орын – Махмудхан Заки (Түркістан облысы)

3 орын – Сейітжан Бексұлтан (Алматы облысы)

4 орын – Кубатов Абдырасыл (Қырғызстан)

5 орын – Абдулкаримұлы Сармат (Алматы облысы)

Суретте: Астаналық бүркітші Руслан Мағзумов пен әкесінен ителгі баптауды үйрене бастаған Малика Русланқызы ІІ Ашық Азия чемпионатында бақ сынады.

Суретте: Атақты бүркітші Күнтуған Тоқтыбай немересі Ерасыл Серікбекұлы.

Суретте: Қаршыға бәсекесінде Құсбегілердің ІІ Ашық Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Алматы облысының жас құсбегісі Бексұлтан Сейітжан.

ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ІІ АШЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

(Ителгі)

1 орын – Абдукадыров Туголбай (Қырғызстан)

2 орын – Абулов Руслан (Алматы қаласы)

3 орын – Үсен Айбар (Жамбыл облысы)

4 орын – Жумалиев Уран (Қырғызстан)

5 орын – Шалипов Медет (Алматы облысы)














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ