Ұлттық банк пен қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады 

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Brent маркалы мұнайдың бағасы баррель үшін 25 долларға, бір тәуліктің ішінде 14%-ке төмендеді. Осылайша, жыл басынан бері 60%-ке арзандады

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстанның ұлттық банкі мен қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми ақпаратына сілтеме жасап. 

«Өткен бір тәуліктің ішінде жаһандық қаржы нарықтарының қатты құбыла бастады. Brent маркалы мұнайдың бағасы баррель үшін 25 долларға, бір тәуліктің ішінде 14%-ке төмендеді. Осылайша, жыл басынан бері 60%-ке арзандады. Әлемдік қор және валюта нарықтарында да құлдырау жалғасуда. Ресей рублі бір күннің ішінде 7.3%-ке, ал жыл басынан бері 30%-ке әлсіреді», — делінген бірлескен мәлімдемеде.

Қазіргі жағдайда Қазақстанның ұлттық банкі мен қор биржасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және сыртқы факторлардың әсерін шектеу мақсатында 19-20 наурызда теңге-доллар сауда-саттығын Франкфурт аукционымен өткізу туралы шешім қабылдады.

Сауда-саттықты Франкфурт аукционымен өткізу шешімі клиенттердің қазіргі сұранысын қанағаттандырып, валюта нарығындағы тұрақсыздыққа жол бермейді. Алдағы сауда-саттықтардың режимі туралы ресми мәлімдемелер арқылы жеткізілетін болады «, — делінген ресми хабарламада.

Тағы оқыңыз: Доллар тағы қымбаттады: 19 наурыздағы валюта бағамы қандай



sputniknews.kz