Сауда нүктелеріндегі кезек бес адамнан аспауы шарт — Алматы әкімдігі — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда азық-түлік дүкендерінің жұмысына да карантин ережелері енгізілді. Жаңа талап бойынша сауда нүктелеріндегі кезекте 5 адам ғана қатар тұруы шарт, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

очередь

Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді. 

«Бізге қала тұрғындарынан көп сауалдар келіп жатыр. «Адамдар көшеге, дүкендерге баруға бола ма» деп сұрап жатыр. Азық-түліктен басқа зат сататын, қызмет көрсететін жерлер түгел жабылады. Тек азық-түлік сататын дүкендер ғана жұмыс істейді. Олардың өзіне ерекше санитарлық эпидемиологиялық талаптар енгізіп жатырмыз. Дүкендерде 5 адамнан, ұзындығы 1,5-2 метрден артық кезек болмауы тиіс. Бұл қашықтық арнайы сызықпен белгіленуі керек. Осы талаптарды орындамаған сауда орындары міндетті түрде жабылады», — деді Ерлан Қожағапанов.

Сөзінше, ашық алаңдарда жаппай жаттығу жасау, ойын ойнау да адам ағзасы үшін қауіпті болмақ. Сол себепті әкім орынбасары үйден көп шыға бермеуге кеңес берді. 

 

 

stan.kz