Украинадағы Ресей әскери тобының жаңа қолбасшысы тағайындалды
АҚШ шенеуніктері жексенбі күні Ресейдің ең тәжірибелі генералдарының бірі, 60 жастағы Александр Дворниковті Украинадағы Ресей әскери тобының жаңа қолбасшысы болып тағайындалғанын хабарлайды.
2015 жылы Дворников Сирияға президент Башар әл-Асадты қолдау үшін барып, онда бір жыл ресейлік топты басқарды. Оған Сириядағы операциялары үшін «Ресей Федерациясының Батыры» атағы берілді. Қазір ол Ресей Федерациясының Оңтүстік әскери округінің қолбасшысы атқарады.
Сириядағы Дворников басқарған күштер бірнеше рет азаматтық аудандар мен ауруханаларды бомбалады деп айыпталған. Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқықтары ұйымының басшысы Рами Абдулрахман Нью-Йорк Таймс газетіне:
«Сириядағы бейбіт тұрғындарды өлтіргені үшін жауап беретін жалғыз адам Башар Асад емес, ресейлік генерал да бар. Ол әскери қимылдардың қолбасшысы болды: бұл дегеніміз сириялық бейбіт тұрғындарды өлтіргендерді бірі Дворников дегенді білдіреді».
Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан CNN телеарнасына Украинадағы «Дворниковтан бұдан да көп нәрсені күтуге болады» деген еді. Сонымен қатар Салливан Ресейдің Украинада стратегиялық сәтсіздікке ұшырап тұрғанын жоққа шығара алмады. Ресей елді тез арада басып алып, президент Владимир Зеленскийдің үкіметін құлата алмайтынын айтты.
«Бұл генерал украиналық бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс пен қатыгездіктің тағы бір көзі болады», — деді Салливан. Ал Америка Құрама Штаттары Дворников басқаратын күштерге тойтарыс беріп жатқан украиндарға қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын.
(фото: ашық ақпарат көздерінен)